«Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 7–8 сынып оқушылары арасында «Geo Star» ұлттық география олимпиадасының облыстық кезеңін ұйымдастырды. Іс-шара географияға қызығушылық танытқан оқушыларға арналған.
Олимпиадаға облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласынан 34 оқушы қатысты. Бірінші кезеңде қатысушылар физикалық, экономикалық, саяси география, экология және тұрақты даму тақырыптары бойынша тапсырмалар орындады.
СНХР: ИЛЬВИРА ИЛЬЯСОВА, «ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
«Geo Star» олимпиадасы – жас географтар үшін үлкен мүмкіндік. Ол оқушылардың білімін тереңдетіп, болашақ мамандықтарын таңдауға жол ашады.
СНХР: ЕРНАР ЕЛІКБАЙ, БЛАГОВЕЩЕНКА ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңнен үздік нәтиже көрсеткен оқушылар 12–15 наурыз аралығында Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.