Александр Винокуровтың спорт сарайында Жеңістің 80 жылдығына және облыстық БЖСМ жаттықтырушысы Рафаил Сингатулиннің 70 жылдығына арналған шайбалы хоккейден турнир өтті. Екі күнге созылған мұз айдынындағы тартыста Петропавл мен Қостанайдың әуесқой командалары өзара мықтыны анықтауға тырысты. Жарысты ұйымдастырға мұрындық болған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, шайбалы хоккей федерациясы мен өңір кәсіпкерлері.
Рафил Сингатулиннің бүкіл өмірі "Авангард" командасымен тығыз байланысты. Жасы егде тартсада қолынан хоккей таяғын тастамаған ол осы жарыста өз шәкірттерімен бір командада әдемі ойын өрнегін көрсетуде. Бір қызығы бүгінгі қарсылас команда сапында оның қолынан түлеп ұшқан хоккейшілер де бар.
СНХ: РАФАИЛ СИНГАТУЛИН- Қ. БАЙБОЛОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БЖСМ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Рафаил Сингатулин хоккейшілерді жаттықтырумен1974 жылдан бастап айналысып келеді. Бүгінде оның шәкірттері ағайынды Иван мен Глеб Казаченколар мен Никита Сиденко жергілікті "Құлагер" хоккей клубында өнер көрсетіп жүр. Ал 1998 жылғы тәрбиеленушілер арасындағы Әділ Бекетаев болса, бүгінде "Барыс" ХК қорғаушысы. Сонымен қатар ол Қытайда өткен Азия ойындарында ел намысын қорғап, жастар арасында әлем чемпионы атанған.
СНХ: ӘДІЛ БЕКЕТАЕВ-ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ, "БАРЫС"ХК ҚОРҒАУШЫСЫ
Турнирдің өткізілуіне қолқабыс жасаған кәсіпкерлердің өздері де кезінде спорттың осы түрімен шұғылданғандар. Көбі кәсіби мансабын аяқтағандарымен әуесқой хоккейден қол үзбеген.
СНХ: МАКСИМ БОГДАНОВ, ТУРНИРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Жарыс қорытындысы бойынша "Авангард" командасы бірінші орынды еншілесе, екінші орынды қостанайлық "Атамекен – Дос" командасы қанжығасына байлады. Ал үшінші төртінші орындарды "Легион" мен Қызылжар ауданының "Доброй рати" командала өзара бөлісті. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтар, медальдармен марапатталды.