Петропавл қаласында су тасқынының үшінші толқыны өтіп жатыр. Есіл өзенінде су деңгейі 1063 см-ге дейін көтерілді. Сәуір айының соңында облыс орталығында судың шарықтау шегі күтілуде. 20 сәуір күні Сергеев су қоймасында үшінші толқынның ең жоғары деңгейі – 262 см жетті. Ал 21 сәуірде 253 см-ді құрады.
Сондай-ақ тәуліктік су деңгейінің күрт төмендеуі Шоптыколь ауылында 69 см-ге, Тоқсан би ауылында 62 см-ге, Крещенка ауылында 31 см деңгейінде байқалды. Сонымен қатар Покровка ауылында су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр – бір тәулікте 32 см-ге артқан. Новоникольское ауылында күрт көтеріліп 74 см жетті.