Петропавлға Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры гастрольдік іс-сапармен келді. Іс-сапар аясында театр труппасы өңірлік журналистермен кездесу өткізіп, шығармашылық жоспарларымен бөлісті.
Қарағандылық театр үш күнде екі қойылым сахналады. Көрермендерге ұсынылған Мұхтар Әуезовтің "Қаракөз" трагедиясы мен Мұқағали Мақатаевтың "Қош, махаббат" драмасы терең мазмұнымен және актерлердің шеберлігімен ерекше әсер қалдырды.
СНХР: ҚҰРМАН ҚАЛЫМОВ, С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Үш күнге созылған гастрольдік сапар – тек қойылым ғана емес, екі театрдың шығармашылық достығының айқын көрінісі болды. Қарағандыдан келген театр ұжымы көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, өнер арқылы екі қаланы жақындастыра түсті.
Сахнада – ұлттық рух, терең сезім, мәңгілік махаббат. "Қаракөз" бен "Қош, махаббат" – бұл тек драмалық туындылар емес, әр жүрекке жол табатын шынайы өнер. Театр жан азығын сыйлап, ұлт болмысын жеткізетін рухани кеңістік екенін тағы бір дәлелдеді.