Тарих пен мәдениет – профилактикалық жұмыстардың бір бөлігі. Осындай тақырып шеңберінде облыс полицейлері мектеп оқушылары үшін арнайы экскурсия ұйымдастырды. Ол «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінде өткізілді.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілдері № 2 орта мектептің жетінші сынып оқушылары үшін «Абылай хан резиденциясы» музей кешеніне экскурсия ұйымдастырды.
Мәдениет – жасөспірімнің жеке басын қалыптастырудың, жақсы тәрбиені бойға сіңірудің маңызды факторларының бірі. Экскурсияның мақсаты – балаларды жан-жақты дамуға ынталандыру. Осы мақсатта экскурсияға бокстан әлем чемпионатының жүлдегері 24 жастағы солтүстікқазақстандық Наталья Богданова да қатысты.
Экскурсия барысында оқушылар Абылай хан резиденциясының аумағына нысаналарға садақ атудан машықтанды. Ал өртке қарсы қызмет мамандары болса жасөспірімдерге қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін қалай сақтау керектігін айтып, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін не стеу қажеттігі түсіндірді бірқатар мысалдар келтірді. Ал қаладағы бірінші лицей оқушыларымен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері кездесті. Олар бастауыш сынып оқушыларына жолдан өтудің дұрыс ережелерін айтып, жол қозғалысын реттеушінің сигналдарын көрсетті.
Экскурсия барысында оқушылар сондай-ақ тәртіп сақшыларының арнайы құрал-жабдықтарымен танысып, патрульдік автокөлікке отыруға мүмкіндік алды. Жалпы сәуірдің онынан бастап өңірімізде «Жасөспірім» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсат кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында орын алатын құқықбұзушылықтарға тосқауыл қою.