Облысында мал шаруашылығын дамытуға 10 млрд. теңгеден аса қаражат бөлінді. Ендігі жерде өз шаруаларын дөңгелеткен кәсіпкерлер соңғы үлгідегі тауарлы – сүт фермасын салуға ең төмен пайызбен несие ала алады. «Бұл қайта өңдеу саласын дамытып, ауыл тұрғындарын жыл он екі ай жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді», - дейді сала мамандары. Толығырақ тілші бейнематериалында.
Қызылжар ауданындағы «Қызылжар Сүт» тауарлы-сүт фермасында 650 бас асылтұқымды ірі-қара бар. Қысы-жазы қорада тұратын бұл сиырларды күтіп-баптау толық автоматтандырылған. Жем – суы белгіленген бағдарламамен беріледі. Сауу жүйесі де сондай Шетелден әкелінген асылтұқымды малдың өнімділігі өте жоғары. Сиырлардың әрқайсысы тәулігіне 45-50 литрге дейін сүт береді. Заманауи сүт кешеннің құрылысына 3 млрд.теңгеден аса қаражат жұмсалыпты. Оның бір бөлігі серіктестікке 2,5 пайыздық несиемен берілген. Фермада тәулігіне 20 тонна сүт сауылып, өнім бірден қайта өңдеу зауыттарына жөнелтіледі.
СНХ: ДАНИЯР ЖҮСІПОВ – ТАУАРЛЫ - СҮТ ФЕРМАСЫНЫҢ ЗООТЕХНИГІ
Қазіргі таңда теріскейде осындай 42 заманауи тауарлы – сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Бұл қайта өңдеу кәсіпорындарын сапалы шикізатпен қамтамасыз етіп, сүт өндірісі саласына тың серпін берді.
СНХ: ДӘУРЕН ТОҚҚОЖЫНОВ - СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі күні өңірімізде Орта Азиядағы ең ірі тауарлы – сүт фермасы салынып жатыр. Заманауи кешен 8 мың бас сауын сиырға шақталған. Жаңа нысан іске қосылғанда ол толығымен автоматтаныдырған сандық технологиялармен басқарылады. Жоба құны – 9 млрд. теңге.