Петропавлда саясаткер әйелдер клубы мен облыстық әйелдер күштері Альянсы өкілдерінің басын қосқан жиын өтті. Диалог алаңына сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әсем Рахметова, Қазақстан әйелдер күштері Альянсы Президентінің кеңесшісі Бақытжан Малғаждарова, сондай-ақ СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері қатысты. Жиында өңірдің әлеуметтік дамуы, гендерлік теңдік және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқыланды.

Бүгінде әйелдер мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды абыроймен атқарып, қоғамдық және саяси өмірге де белсенді араласып жүр. Елде әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бағдарламалар мен бастамалар да жоқ емес.

СНХР: ӘСЕМ РАХМЕТОВА-ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ


Облыстық әйелдер күштері Альянсының базасында, әйелдер саяси көшбасшылығы мектебі жұмыс істейді. Бұл бірегей білім беру алаңы, онда нәзік жандар саясатта және басшылық лауазымдарда мансап құру үшін білім мен дағдыларға машықтанады. Жоба мықты әйелдер қауымдастығын қалыптастыруға көмектеседі және аймақтағы саяси мәдениеттің деңгейін арттырады.

СНХР: ЭЛЬМИРА ТАНАКҰЛОВА - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТЫҚ ПАРТИЯСЫ СҚОФ ӨКІЛІ


Әйелдерді қолдауға, олардың қоғамдағы рөлін нығайтуға және саяси салаға тартуға бағытталған бастамалар облысымызда белсенді дамуда. Ал мұндай кездесулер мен танымдық жобалар нәзік жандарға тәжірибе алмасып қана қоймай, өзгерістердің нақты қозғаушы күшіне айналуға мүмкіндік береді.