Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауруханаға барып, соғыс ардагері Василий Макиенконың хал-жағдайын сұрап білді. Қазір ардагерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Bасилий Макиенко, жасының егде тартқанына қарамастан белсенді өмір салтын ұстанып келді. Былтыр өңір басшысымен бірге Жеңіс күнінде Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне де қатысқан ардагер келесі жылы өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтпек.
"Василий Васильевичке тезірек сауығып кетуін тілеп, Жеңістің 80 жылдығын отбасымен, жақындарының ортасында қарсы алатынына сенім білдірдім. Ардагерлер — біздің мақтанышымыз, тарихтың куәсі. Оларға қамқорлық жасау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету — баршамыздың міндетіміз. Жастардың үлкен буынға құрметпен қарауын және оларға қиын сәтте көмек көрсетуге ұмтылысын қалыптастыру маңызды", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде. Еске салсақ 20 сәуірде 99 жастағы ардагер мен қала мектептерінің бірінің 9 жасар оқушысы бағдаршамның жаяу жүргіншілерге рұқсат беретін жасыл түсіне өтіп бара жатқанда байқаусызда бетпе -бет соқтығысып қалған болатын. Нәтижесінде қария дене жарақатын алып жедел-жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізілді. Сол күні қыз бала ата-анасын ертіп ауруханаға барып ардагердің кешірімін алған. Қария,- кешірім сұрау мен кешірім беру бұл үлкен адамгершіліктің белгісі,- дейді.