Өңірімізде қазақтың халық әндерін нақышына келтіріп орындайтын Ольга есімді поляк қызы бар. Ольга Векерленің музыкалық білімі жоқ, бірақ қазақ тілінде ән шырқағанда отандық кәсіби әншілерден еш кем түспейді. Ауылдан шыққан қарапайым әнші қыздың өнеріне біздің түсіру тобымыз да тәнті болып қайтты.
Бұл Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған Мұхтар Шақановтың «Өмір өзен» атты өлеңі. Аққайың ауданының тұрғыны Ольга Векерле қазақтың осындай әдемі де әсем әндерін шырқағанды жақсы көреді. Поляк қызының бұл өнері әлеуметтік желі қолданушыларына кеңінен таныс.
- СНХ: ОЛЬГА ВЕКЕРЛЕ - ӘНШІ:
Бір қызығы Ольганың ұлты поляк болса да, ол тек қазақ әндерін шырқайды екен. Ал, Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас» өлеңдерін нақышына келтіріп орындағанда таң қалмайтын тыңдарман кем де -кем..
- СНХ: ДИАС БАЗАРБАЙ - АҚҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Ольганың мамандығы заңгер, өнерге еш қатысы жоқ. Алайда 9 жасынан ән айтуға машықтанған ол сахнадан қол үзе алмапты. Қазір аудандық мәдениет үйінде жұмыс істейді.