1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл – еліміздегі ең жарқын әрі мерейлі мерекелердің бірі. Осыған орай Достық үйінде ерекше мерекелік концерт өтті. Іс-шараны №17 Ұлттық өркендеу мектеп кешені ұйымдастырды. Концертке мектеп оқушылары, колледж студенттері қатысты.
Сахнада —түрлі этнос өкілдерінің өнері. Көз тартар ұлттық киімдер. Ән шырқап, би билеген әр өнерпаз көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бұл концерттік бағдарлама – Қазақстан халқының бірлігіне, достығы мен татулығына арналған.
СНХР: НАТАЛЬЯ КАВУН , -№17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ МЕКТЕП-КЕШЕНІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мерекелік іс-шарада қазақ, ұйғыр, татар, украин және орыс этностарының әндері шырқалды.
СНХР: ЛӘЗЗАТ ЖОЛМҰҚАНОВА -№17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
№17 Ұлттық өркендеу мектеп кешенінде түрлі этнос өкілдері бір-бірінің мәдениетімен танысып, ортақ құндылықтарды дәріптейді. Тіл үйірмелері, этнокештер, аспаздық шеберлік сағаттары – бәрі де балалардың мәдени танымын кеңейтуге бағытталған.