18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Осыған орай Kozybayev University-де аталмыш дата арналған дөңгелек үстел өтті. Диалог алаңында студенттер, оқытушылар мен арнайы шақырылған қонақтар бар. 

Дөңгелек үстелде ескерткіштерді қорғау мәселелері талқыланды. Туризмді көрнекі әрі тарихи орындарсыз елестету мүмкін емес, ал ол жерлердегі ескерткіштірге келсек, олар экскурсиялардың негізгі нысаны болып табылады.


- СНХР:ЮЛИЯ КУЗЬМЕНКО, "ЭКОНОМИКА, ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫ" КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ, KOZYBAYEV UNIVERSITY:


Өңірімізде туристерге көрсетер 600-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіш мен орындар бар. Бай мұраларымыздың құндылықтарын жоғалтпай сақтап қалуда мемлекет тарапынан түрлі шаралар да қабылданып жатыр. Тіпті ескерткіштер мен тарихи архитектуралық нысандарды күтіп- ұстау ережелерін бұзғандарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліке тарту да қарастырылған.


- СНХР: ОЛЬГА ЕСЕТОВА, ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

 

Заңсыз археологиялық жұмыстар жүргізу, ескерткіштерді қасақана қирату фактілері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Кішігірім әкімшілік құқық бұзушылықтар да кездеседі. Солардың бірі тарихи архитектуралық нысандардың қабырғаларына жарнама қағаздарын жабыстыру. Бұл заңға қайшы. Алайда оны елеп жатқан ешкім жоқ.

Басқосуда жастарды ескерткіштерді қорғау мәселелеріне тарту мақсатында университет пен түрлі ұйымдар арасындағы өзара әріптестік орнату мәселелері де қарастырылды.