Президент ҚХА Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады. Қызметтеріне табыс тіледі. ((СЛАЙД: )) Мемлекет басшысы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жұмысында Ассамблеяның ерекше рөлін атап өтті. Кездесуде Президентке Ассамблеяның 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында Президент этносаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.