Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Ғажайыптар алаңы» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. Сондай-ақ, волонтерлер Ғ. Мүсірепов ескерткіші орналасқан алаңды қоқыстан тазартып, ретке келтірді.
Шараға университет пен колледж студенттері қатысты. Сайыскерлер экология саласы бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ ШӘКІРОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Сондай-ақ, белсенді қала тұрғындары мен студенттер қаладағы қазақтың халық жазушысы, драматург және қоғам қайраткері Ғ. Мүсіреповтің ескерткіші орналасқан алаңды тазалады.
СНХР: ОЛЕСЯ РЫБАКОНОВА – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Осылайша, бірлескен жұмыстың арқасында 6 қап қоқыс шығарылды. Волонтерлер, мұндай іс-шаралар қаланы таза ұстауға ғана емес азаматтық белсенділік пен әлеуметтік жауапкершіліктің дамуына ықпал ететінін атап өтті.