Солтүстікқазақстандық полицейлер жол ережесі мен қоғамдық тәртіпті дрон арқылы бақылайды. Ұшқышсыз ұшу аппараты тіркеген құқықбұзушылық жақын маңдағы полиция жасағына жіберіледі. Патрульдік полиция қызметкерлері құқықбұзушыға әкімшілік шара қолданады. Сондай-ақ дронға көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау және т.б. бұзушылықтар да тіркеледі.
Квадрокоптер немесе дрон деп аталатын ұшқышсыз ұшу аппараттары қалалық жағдайда бейнебақылаумен қамтылмаған жерлерде полицияның сенімді құралына айналуы мүмкін. Ұшу аппаратының камерасы жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарын, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерін анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарыдан қоғамдық орындарда темекі шегу, абаттандыру ережелерін бұзу фактілері айқын көрінеді.
СНХР: Руслан Қабдолов – СҚО ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары
Бұдан бөлек, дронмен көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау және т.б. бұзушылықтар тіркеледі. Бұл бұзушылықтар жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті арттырады. Дрондар қала сыртындағы жолдарда да белсенді қолданылуда.
СНХР: Руслан Қабдолов – СҚО ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары
Полиция қызметіндегі заманауи техникалық құралдар – «Заң мен тәртіп» қағидатын тиімді іске асырудың қажетті құрамдас бөлігі. Дронды пайдалану – айыппұлдар мен хаттамалар санын күшейтудің тәсілі емес екенін білу маңызды. Басты міндет – көшелер мен жолдарды әр адам үшін қауіпсіз ету. Дрондар қауіпті жағдайларды дер кезінде байқауға және қайғылы жағдайларды болдырмауға, қажетті шаралар қабылдауға көмектеседі. Бұл жұмыс полиция мен прокуратураның тығыз өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылуда.