Өңірімізде көзі тірі 3 Отан соғысы ардагері қалды. Солардың бірі 371 -атқыштар дивизиясының жауынгері Фёдор Щеглов Петропавл қаласында тұрады. Ол 1944 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, небәрі 17 жасында қан майданға аттанады. Германиядағы шайқасқа қатысқан, Жапонияға қарсы соғысты көрген ол елге аман оралып, құрылыс саласында еңбек етті. Биыл қария 98 жасқа келеді.

1944 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылған Фёдор Щеглов алдымен Уфа қаласы маңында бірнеше айлық оқу-жаттығу жиынынан өтеді. Кейін 371-атқыштар дивизиясы қатарына қабылданған. Жауынгер Германияның Палау шаһары үшін жан алысып, жан беріскен соғысқа қатысып, кейін Жапонияға қарсы соғысты бастан өткерген. Оның әкесі де екі ағасы да қан майданға қатысқан.

СНХ: ФЁДОР ЩЕГЛОВ СОҒЫС АРДАГЕРІ


Қанды шайқастан үйіне аман-есен оралған ол құрылыс саласында еңбек етті. Биыл 98 жасқа келеді. Бірақ, әлі тың. Қимылы да ширақ.

СНХ: НАДЕЖДА ГОРДЕЕВА АРДАГЕРДІҢ ҚЫЗЫ


Солтүстік Қазақстан облысында 3 соғыс ардагері қалды. Үшеуі де Петропавлда тұрады. Мереке қарсаңында оларға 5 млн теңгеден беріледі.