Петропавлда қаржылық қауіпсіздік бойынша форум өткізілді. Бұл жерде жастарға интернет алаяқтарынан сақтану, қауіп-қатерлерге қарсы тұру жолдары түсіндірілді. Бұл «Заң мен тәртіп» қағидасын жүзеге асыру аясында жүргізіліп шаралардың бірі.
Петропавлда жүздеген студентке интернет алаяқтық жайлы айтылды. Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру - қазіргі таңдағы аса өзекті мәселенің бірі. Себебі, жаһандық желідегі пысықайлар арам ойларын жүзеге асыруды жалғастыруда. Мұндай Алдар көселер арамызда да жүр. Демек, әлі де сақтық шараларына қарқын қосу қажет. Бұған жуырда Мемлекет басшысы кезекті мәрте тоқталды.
СНХ: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Интернет алаяқтар мен арамызда жүрген Алдар Көселер жылы-жылы сөйлеп, жыланды інінен шығарады. Оларға сенгіш студенттер көбейіп жатыр. Мысалы, кейбірі желі арқылы байланысқа шыққан қудың айтуымен дроппер атанады. Дроппер дегеніміз - телефонның ар жағындағы айлакердің айтқанын ақшаға орындаушы. Шалыс қадам жасаған қыз-жігіттердің көбісі банк картасын ашқан.
СНХ: РАСУЛ ЕСІМБЕК, СҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ
Біреудің атына ашылған карта интернет алаяқтарға ауадай қажет. Олар сол есепшот арқылы ақшаны қабылдайды және өздеріне қажет жерге аударады. Нәтижесінде қаржы қулардың қалтасына түседі, қылмыстың ізі де қалмайды. Ал айлакердің сыбайласы ретінде дроппер жаза арқалауы мүмкін. Жиында осы жайлы кеңінен еркін форматта баяндалды. Сонымен қатар, жастарға үйдегі үлкендерді бақылап отыру керектігі туралы айтылды.
СНХ: РАСУЛ ЕСІМБЕК, СҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ
Түсінікті тілмен айтсақ, қомақты табыс табуды көздеген үлкендер өзінің жеке деректерін алаяқтарға ұсына салады. Ал қулар сол бойынша ойларына келгенді істейді. Жиынға қатысушы жастардың арасында айлакерлердің құрығына өздері немесе жақындары түскендер де болды. Дамир Ахметтің әкесі ойда-жоқта сан соққан. Оның ватцап месенджерін бәз біреулер бұзыпты.
СНХ: ДАМИР АХМЕТ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ СТУДЕНТІ
Сәуірдің 17-сі күні Қазақстанда жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған республикалық олимпиада өтеді. Бүгінгі жиынға келген ұл-қыздар білгірлер сайысына қатысу мүмкіндігін иеленді. Топ жарғандар Ресейде өтетін халықаралық додада бақ сынау мүмкіндігін иеленбек.