12 мың шақырым жол жөнделді. Президент қабылдауында болған көлік министрі Марат Қарабаев, ведомствоның былтыр атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп берді. Оның сөзінше, көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6% өскен, Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы өтетін жүк тасымалы 4,5 млн тоннаға жеткен. Авиация саласында да жетістіктер бар. Теміржол секторында жолаушы тасымалы артып, жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр.
СНХ: МАРАТ ҚАРАБАЕВ – ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ
Ал, Президент қазақстандықтардың жол жүруіне қолайлы жағдай жасау, туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Көлік министріне Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдетуді, Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейтуді, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға ерекше назар аударуды, ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейтуді, сондай-ақ көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.