«КӨМЕК» түзету-дамыту орталығы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Бұл жерде баланы оқыту мүмкін емес деген ұғымға сенбейді.Әр баланың қабілетін ашуға болады, тек оған білім мен уақыт керек. 

Тренинг-орталық 2015 жылы ашылған. Содан бері мұнда балалар мен олардың ата-аналарына көмек көрсетіліп келеді. Әр бала қайталанбас тұлғае десек те олардың кейбіріне көбірек көңіл, төзім мен махаббат қажет. Бұл — оқуда, бейімделуде және қарым-қатынас жасауда ерекше қиындықпен бетпе-бет келетін балалар. Бірақ логопед, дефектолог, психолог және әлеуметтік педагог сынды мамандардың кәсіби қолдауының арқасында олар кедергілерді еңсеріп, өз әлеуетін жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадамын жасауға үйренеді. Бұл орталыққа тек қаладан ғана емес, Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарынан да балалар келеді.

СНХР:ҒАЛИЯ БАЯЗИТОВА, ТРЕНИНГ-ОРТАЛЫҚТЫҢ БАСШЫСЫ


Бүгінде орталықта 80 бала оқып жатыр – олардың әрқайсысы көмекті тегін алады. Мұнда тек сабақ беріп қана қоймай, әр балаға жеке бағдарлама таңдайтын жанашыр мамандар жұмыс істейді. Бұл жерде тек балаларға емес, ата-аналарға да қолдау көрсетіледі. Осындағы мамандардың бірі — дефектолог Ботагөз Рыспекова. Ол екі жылдан бері орталықта еңбек етіп келеді. Мұндағы жұмыстың қиындығын ол жете түсінеді. Өйткені Ботагөз бұл орталыққа алғашында педагог ретінде емес, ана ретінде келген еді. Оның да баласына көмек қажет болған. Осы жерде ол кәсібилік пен адамгершіліктің, шынайы қамқорлықтың қаншалықты маңызды екенін түсінді.

СНХР: БОТАГӨЗ РЫСПЕКОВА, ТРЕНИНГ-ОРТАЛЫҚТЫҢ ДЕФЕКТОЛОГ-ПЕДАГОГЫ


Айта кету керек, 5 мамыр күні Петропавл қаласында орталықтың жаңа филиалы ашылды. Бұл — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауы арқасында мүмкін болды.