Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жазушының 125 жылдығына арналған тікелей эфир өтті. Іс-шарада қаламгердің өмірі мен шығармашылығындағы музыканың рөлі айтылды.
Сәбит Мұқанов бала кезінен халық шығармашылығына қызығушылық танытқан. Ол айтыстарға, ақындардың ән сайыстарына қатысып, дарынды импровизатор ретінде танылды. Музыка оны өмір бойы жетелеп, әдеби және зерттеу еңбектеріне шабыт берді.
СНХР: НАТАЛЬЯ ЧУРЯК – С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Жазушы өз еңбектерінде айтыстарға, халық әндері мен күйлеріне ерекше мән берді. Ол танымал композиторлардың шығармаларын жинақтап, газет беттерінде жариялады, тіпті кейбірін өзі орындаған. Мұқанов музыка зерттеушілерімен, соның ішінде Александр Затаевичпен тығыз шығармашылық байланыста болды.
СНХР: НАТАЛЬЯ ЧУРЯК – С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Айта кету керек, қазақ музыкасындағы танымал шығармалардың бірі – «Қазақ вальсі». Латиф Хамиди музыкасын жазып, сөзіне Сабит Мұқановтың өлеңін қолданған. Бүгінде бұл вальс қазақстандық және шетелдік көптеген вокалистердің репертуарында жүр.