Өңірінде көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 2,5 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптарына тұқым себілді. Бұл – барлық жұмыстардың 60 пайызы. Жалпы егіс көлемі 4,4 миллион гектарды құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, дәнді-бұршақты дақылдар 1 947,3 мың гектар жерге егілді, ал майлы дақылдар – 548,9 мың гектарды құрады. Сорт жаңарту деңгейі – 11,2%. Аграрлар арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген. Дизель отынына деген қажеттілік – 52,2 мың тонна. Көктемгі егіс жұмыстарына 12 мыңнан астам техника жұмылдырылса, олардың 4 мыңнан астамы – өнімділігі жоғары себу кешендері. Ауа райы қолайлы болса егіс науқанын 5 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Өңірде көктемгі дала жұмыстарын бақылауға арналған жедел штаб жұмыс істеп жатыр.