Сұлулық индустриясы – табысты әрі тұрақты сұранысқа ие сала. Бүгінде күтімді әрі көрікті болғысы келетін жандар тек ірі қалаларда ғана емес, шалғай елді мекендерде де бар. Бұл – кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Осыны тиімді пайдаланғандардың бірі – Жамбыл ауданының тұрғыны Наталья Асаинова. Үш жыл бұрын ол аудан орталығында сұлулық салонын ашып, өз кәсібін бастады. Бүгінде бұл шағын кәсіп табысты жұмыс істеп тұр.

Наталья Асаинованың оқиғасы – табандылық пен жеке тәжірибенің өмірлік іске айналғанының жарқын мысалы. Бизнес бастау үшін үлкен қалада тұру міндетті емес – ең бастысы, істі сүйіспеншілікпен, адамға деген құрметпен және өз қабілетіңе сенумен атқару қажет. Наталья тек сұлулық саласында жұмыс істеп қана қоймай, бұл бағытта үздіксіз білімін жетілдіріп келеді. Оның бірнеше дипломы бар, соның ішінде педагогикалық білімі мен тігінші-қалыптаушы мамандығы да бар.

СНХ: НАТАЛЬЯ АСАИНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР


Салон қызмет көрсетуге қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілген. Дегенмен, білікті мамандар тапшы. Ауылдағы қызмет көрсетуге сұраныс жоғары. Себебі, тұрғындар үшін ең бастысы – жұмыс сапасы.

СНХ: ГАЛИНА ШЕРСТОБИТОВА, МАНИКЮР МАМАНЫ


Наталья Асаинова болашақта сұлулық салонын дамытып, қызмет түрлерінің аясын кеңейтуге ниетті. Қазіргі таңда Жамбыл ауданында 848 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Бұдан шалғай ауылдарда да кәсіпкерлік саласының дамып келе жатқанын аңғаруға болады.