Астанаға ресми сапармен Руанда Республикасының Президенті келді. Ақорда резиденциясында Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамені сән-салтанатпен қарсы алды.

Мемлекеттер басшылары әуелі бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды. Осыдан кейін лидерлер шағын құрамда, екеуара келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапардың тарихи мәні зор деп бағалады. Сондай-ақ Қазақстан мен Руанда арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге шығатынын жеткізді. Руанда Президенті Мемлекет басшысына қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақты дамытуға ниетті екенін айтты. Тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы қарым-қатынасты дамыту жайын талқылады.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


СНХ: ПОЛЬ КАГАМЕ РУАНДА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ