М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Ұстаздық – ұлы қызмет» атты шеберлік сағат өтті. Іс-шарада білім саласында 40 жыл табанды еңбек етіп келе жатқан ұстаз Айжан Қапезова студенттермен өз тәжірибесімен бөлісті.

Айжан Қапезова еңбек жолын Жамбыл ауданында бастаған. 1999 жылдан бері Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. 40 жылдық тәжірибесі бар ұстаз қызметтік жолында 235 оқушыға сабақ беріп, 10-нан астам сыныпты білім ұясынан ұшырды.

СНХ: АЙЖАН ҚАПЕЗОВА, ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ №6 ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ


Ұстаздың шәкірттері республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының, «Ақ бота» пәндік олимпиадасының, сондай-ақ қалалық және облыстық пәндік байқаулардың жеңімпаздары атанған. Әрине, Айжан Қапезованың өзі де көптеген марапаттарға ие болған білікті педагог.

СНХ: АРИНА ТАЛҒАТ, СТУДЕНТ


Бүгінде «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша колледжде 460 студент білім алып жатыр. Мұндай кездесулер түлектер мен ұстаздар арасындағы рухани байланысты нығайту мақсатында тұрақты түрде өткізіледі.