“Петропавл–Қорған” бағытындағы күре жолды жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Ол осыдан 8 жыл бұрын басталған болатын. Халықаралық автожолмен күн сайын жүздеген жүк көлігі мен мыңдаған жеңіл көлік қатынайды. Транзиттік дәліз қашан тапсырылады, бірге анықтап көрейік.

Сергей Буторин Қазақстаннан Ресейге жиі қатынайды. Бірақ жол жоқ дейді жүргізуші. Құрылысы қолға алынған күре жолдағы жұмыстар тоқтап тұрғалы бірнеше жыл. Бұл көлік жүргізушілеріне айтарлықтай қиындықтар туғызуда.

СНХ: СЕРГЕЙ БУТОРИН, ЖҮРГІЗУШІ


Қазақстан мен Ресейді жалғайтын тас жол – халықаралық транзиттік дәліз болып саналады. Жөндеу жұмыстары екі жылда аяқталады деп жоспарланған еді. Алайда одан бері 8 жыл өтті. Құрылысқа шамамен 10 миллиард теңге жұмсалған. Жөндеу жұмыстарының созылып кетуіне бір мердігермен болған сот процестері де әсер еткен. Қазір жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізілуде.

СНХ: АНДРЕЙ ЧЕРВОНЮК, “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ СҚОФ директорының орынбасары


Қаржыландыру кешіктірілмесе, көптен күткен жол жөндеу жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Сарапшылардың айтуынша, биыл жол құрылысына жалпы құны 40 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бұл шамамен 500 шақырым жолды жөндеуден өткізуге мүмкіндік береді.