Петропавлда Мемлекеттік қызет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы отырыс өткізді. Жиналғандар Мамлют ауданының былтырғы қызмет көрсету сапасын қарады. Сондай-ақ әлеуметтік зерттеудің қорытындысымен танысты.

Отырыста халыққа қызмет көрсету мониторингі талқыланды. «Туған жер» қоғамдық бірлестігі басшысы Руслан Асаубаевтің мәліметі бойынша, қазіргі таңда адамдар цифрлық жүйеге көп жүгінеді. Бірақ, кейбір салада ақпарат алу бойынша қиындықтар әлі де бар.

СНХ: РУСЛАН АСАУБАЕВ, «ТУҒАН ЖЕР» ҮЕҰ ҚБ ЖЕТЕКШІСІ


Денсаулық сақтау, әділет және ветеринария саласындағы әлеуметтік зерттеу көрсеткендей, халықтың ұсынылған қызметтерге қанағаттану деңгейі орташадан төмен. Мамлют ауданында былтыр барлығы 1800-ге жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген.

СНХ: ЖАНГҮЛ НҰРМҰҚАНОВА МАМЛЮТ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Жауаптылар бұл заң бұзушылықтарға мемлекеттік қызметшілердің жиі ауысуы себеп деп түсіндірді.