Облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов айтыс өнерінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген облыстың айтыскер ақындармен кездесті. Ол 16 наурыз күні өтетін республикалық айтыста өнер көрсететін ақындарға сәттілік тіледі.
Жүсіп Жұмағұлов облыстың айтыскер ақындарымен кездесіп, наурыз мейрамына орай өтетін айтыста сәттілік тіледі. Кездесуде сонымен қатар, айтыс өнерінің өңірде дамуы жайында ақындар өз ойын білдіріп, пікірлерін айтты. 16 наурыз Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында «Береке басы – наурыз» атты айтыскерлер мен дәстүрлі өнер өкілдері арасындағы республикалық командалық айтыс өтеді. Онда СҚО мен ШҚО-ның өнерлі өрендері сынға түседі.
СНХР: ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН – «АЙТЫС АҚЫНДАРЫ МЕН ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР ОДАҒЫ» СҚОФ ТӨРАҒАСЫ