Әділ Қазақстан - бұл заң мен тәртіп орнаған ел. Заңдарды және тәртіпті сақтау елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар туралы өңірлің коммуникациялар алаңында өткен брифнгте айтылды.
Мемлекет басшысы "Заң және Тәртіп" қағидатын ұстану қоғамдық, саяси және идеологиялық бағыттаушы болуға тиіс екенін атап өтті. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің негізгі міндеттері азаматтардың құқықтарын қорғау, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіпкерліктің адал субъектілерін қолдау болып табылады. Алдын алу жұмыстары аясында Департамент қаржылық мекемелер, онлайн казино немесе заңсыз криптовалюта жарнамалары бар заңсыз мазмұнды бұғаттау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
СНХР: ДИАС ҚАБЕШ, СҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АНЫҚТАУШЫСЫ
Департамент сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығында өнімсіз делдалдықты анықтау және болдырмау, сондай-ақ рұқсат етілген сауда үстемесінің асып кетуіне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізеді.
СНХР: ДИАС ҚАБЕШ, СҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АНЫҚТАУШЫСЫ
2024 жылы "Кибернадзор" жүйесінде құмар ойындар бойынша 796 жарияланым және қаржы пирамидасының белгілері бар 112 сайт сілтемесі бұғатталды. Жалпы саны 5000 адамнан асатын қаржы пирамидалары мен құмар ойындарының белгілері бар 7 әлеуметтік желідегі аккаунт анықталды. Ағымдағы жылдың басынан бастап базаға заңсыз контентпен 450-ге жуық сілтеме енгізілген.