Өңірде көктемгі су тақынына дайындық жүріп жатыр. Табиғи апаттың алдын алу үшін өңірде аумақтық қорғаныс бригадаларының жеке құрамы да бөгет салу жұмыстарын бастады. 50 шақты әскери қызметші су басу қаупі бар аймақтарда өзен арналарының жағаларын нығайтып жатыр.

99275 әскери бөлімі өткен жылғы су тасқынында да халықпен бірге болды. Бүгінде олар қапқа топырақ толтырып, су басу қаупі бар аудандардағы бөгеттерді нығайтып жатыр. Әскерилер биыл да тұрғындарға барынша көмек көрсетеміз дейді.

СНХ: САМАТ ҚАБЫЛБАЕВ, 99275 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІ