Солтүстікқазақстандық кикбоксшылар әлем кубогында 4 медаль жеңіп алды. Халықаралық турнир Италияда өтті, оған 400-ден астам спортшы қатысты. 

Италияда өткен кикбоксинг бойынша әлем кубогында біздің спортшылар керемет нәтиже көрсетіп, солтүстікқазақстандық кикбоксинг мектебінің жоғары деңгейін дәлелдеді. Олар екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

СНХР: ӘДІЛ НҰРЖАУЫПОВ СҚО-НЫҢ КИКБОКСТЕН АҒА БАПКЕРІ


Қазақстан құрамасы сапында 4 солтүстікқазақстандық спортшы – Нұрсұлтан Жақыпов, Аслан Асылбеков, Данияр Жарасов және Ибрагим Беков өнер көрсетті. Жекпе-жектер қиын өтті, алайда біздің кикбоксшылар өздерінің мықтылығын дәлелдей алды.

СНХР: АСЛАН АСЫЛБЕКОВ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ


Турнирге 46 елден 400-ден астам спортшы қатысты. Алдағы уақытта спортшылар жаңа жарыстарға дайындалмақ.