Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына дайындық жүріп жатыр. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі атқарылған жұмысты тексеріп, сондай-ақ Ойқала және Былғары зауыт ауданындағы бөгеттердің құрылысын көрді.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарымен танысты. Мамандар облыстағы гидротехникалық құрылымдарды күшейту және қорғаушы бөгеттер салу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Арнайы назар Ойқала және Былғары зауыт ауданындағы бөгеттердің құрылыс жұмыстарына бөлінді.

Облыс әкімі бөгеттердің құрылысының барысын тексеріп, оның су тасқынынан тұрғындар мен инфрақұрылымды қорғауға бағытталған маңызды жобалардың бірі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Былғары зауыт ауданында бөгеттердің құрылысын «Құрылыс» ЖШС алған. Қазіргі уақытта бетон плиталарын 1500 метрге салу жұмыстары аяқталған. Ендігі кезекте плиталардың арасын бетонмен нығыздау жұмыстары жалғасуда.

СНХР: МҰРАТ ХАРСИЕВ, «ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ


Ғауез Нұрмұхамбетов барлық нысандардың көктемгі су тасқынына уақытылы дайындалуы маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — басты міндет. Алдағы уақытта барлық жұмыстарды аяқтап, су тасқынының ықтимал қауіптерін минимизациялау жоспарланып отыр. Облыс әкімі жұмыстардың барлығын тез арада аяқтауды тапсырды

Жалпы Былғары зауыт ауданында 16 техника мен 60-қа жуық адам жұмыс жасауда. Облыс әкімі мергідер ұйымдарға барлық жұмыстарды 30 наурызға дейін аяқтауды тапсырды.