Петропавлдағы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры өңірдің кішкентай тұрғындарына арнап Ұлыстың ұлы күні Әз-наурыз мерекесіне орай “Жыл басы кім?” атты ертеңгілік өткізді. Мерекелік іс-шара Петропавлдағы мектептердің бастауыш сынып оқушыларына арналған. Ертеңгілікте болған тілшіміз баяндасын.

Жыл басы кім? Қойылымды тамашалауға келген балалар қазақтың халық ертегісімен танысады. Ертегінің негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, оларды еңбекқорлыққа, адал достыққа тәрбиелеу. Наурыз мейрамына орай әзірленген ертегінің режиссері Думан Адыкенов. Мерекелік қойылым облыс орталығындағы мектептердің оқушыларына арналған.

СНХР: ДУМАН АДЫКЕНОВ, РЕЖИССЕР


Сценарий бойынша жануарлардың жыл басы болу үшін күрескені баяндалады. Бұл қызықты жекпе-жекте әр жануардың адам өміріндегі маңыздылығы көрсетеді. Қойылым барысында балалар әр кейіпкердің қылықтарын қайталап, қуанышқа бөленді.

Балаларға арналған қойылым 1 сағатқа созылды. Актерлерге қойылымды дайындауға бір айдан астам уақыт кеткен. Айта кетейік, Сәбит Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрында мерекелік ертеңгіліктер 20-шы наурызға дейін өтеді.