Мектеп тәмамдайтын түлектерге кәсіптік бағдар беру бағдарламасы аясында Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмысшы мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Оған Петропавлдың 10-ға жуық кәсіпорыны өкілдері қатысты.
Жәрмеңкеде оқушыларға алдымен төтенше жағдай департаменті мен жедел -жәрдем қызметенің жұмысы көрсетілді. Балалар сондай-ақ өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың, сүңгуірлердің костюмдерін киіп көріп, олардың күнделікті жұмыс барысында қолданатын жабдықтары мен де танысу мүмкіндігіне ие болды.
СНХ: НАРҰЛ ОРАЛБАЙ – ОҚУШЫ
СНХ: БАҚЫТ МҰХАМЕДИЯ –АГРОНОМ
Іс-шарада оқушылар омарташылықтың да қыр-сырымен танысса, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі мен М.Жұмабаев атындағы колледж өкілдері мамандық таңдаушыларға білім ордасы қандай бағыттарда кадрлар даярлайтынын түсіндірді.