Петропавлда 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты кеш өтті. Жиында өңіріміздің түрлі саласында еңбек етіп, елеулі үлес қосып жүрген 30-дан астам қыз-келіншек алғыс хат пен марапатқа ие болды. Іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, жиналғандарға мерекелік көңңіл күй сыйлады.

АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:

- Шуақты көктемнің ең ізгі, мейрім мен қуанышқа толы мерекесіне орай сәні мен салатанаты жарасқан облыстық қазақ сазды театрында мерекелік кеш өтті. Өңір басшысы іс-шараға жиналған барша әйелдер қауымына жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, өңіріміздің дамынуына үлес қосып жүрген қыз-келіншектерді түрлі наградалармен марапаттады.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы». Бұл бастама осы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және білікті маман болып қалыптасу идеясын насихаттайды. Осы орайда, өңірімізде ер адамдармен иық тірестіріп, еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер жетерлік. Солардың бірі – Венера Әбдірахимова. С.М.Киров атындағы машина жасау зауытында жұмыс істейтін әйел салтанатты жиында «Ерең еңбегі үшін» медальімен марапатталды.

СНХ: ВЕНЕРА ӘБДІРАХИМОВА, «С.М. КИРОВ АТЫНДАҒЫ МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ» АҚ ЖҰМЫСШЫСЫ


Ал, Татьяна Пальгун – Петропавл ауыр машина жасау зауытында кран жүргізеді. Ол 45 жылдан бері кран тізгінін ұстап, несібесін тауып келеді. Ерекше мамандық иесі мерекелік кеште «ҚҰРМЕТ» орденімен марапатталды.

СНХ: ТАТЬЯНА ПАЛЬГУН, «ПЕТРОПАВЛ АУЫР МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ» АҚ КРАН ЖҮРГІЗУШІСІ


«3 дәрежелі Еңбек Даңқы» орденіне – Мамлют ауданының тұрығыны Зәруеш Мұстафина лайық деп танылды. Зәуреш Баянқызы – 2009 жылдан бері қымыз цехінде жұмыс істейді. Ұлттық сусынды көрші облыстарға экспорттап, отандық өнімнің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.

СНХ: ЗӘУРЕШ МҰСТАФИНА, «АРҚАЛЫҚ» ШҚ ҚЫМЫЗ ЦЕХІНІҢ ЖҰМЫСШЫСЫ


Ал, Юлия Плеханованың жұмысы тіптен ерекше. Петропавл тұрғыны 6 жылдан такси жүргізеді. Жол қиындығынан қорықпайтын әйел облыс әкімінің атынан алғыс хатқа ие болды.

СНХ: ЮЛИЯ ПЛЕХАНОВА, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ


Салтанатты кештің жалғасы мерекелік концертке ұласты. Жиынға келген әрбір қыз-келіншекке гүл шоқтары тарту етіліп, тек ізгі тілектер айтылды.