Олар – тәртіп сақшылары. Олар – аналар. Олар – батыл да ержүрек арулар. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыспен күресіп жүрген қыз-келіншектер бүгін құрметке бөленді. Өңірде 480-ге жуық әйел-полицей еңбек етеді. Олардың әрқайсысы – өз ісінің маманы, өз кәсібінің майталманы. Бүгін солардың ең үздіктері марапатталды.
Салтанатты іс шара батылдық пен мейірімділікті, қайсарлық пен нәзіктікті үйлестіре білген полиция қызметкерлеріне көрсетілген құрмет. Қоғамдық тәртіпті күзетіп, ел тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген әйел полицейлер бүгін ерекше марапатқа ие болды.
СНХР: ЕРЛАН КӘРІБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қызметіне адалдық танытып, батылдығымен көзге түскен Жақсыгүл Макина 16 жыл бойы Шал ақын ауданында ішкі істер саласында табанды еңбек етіп келеді. Кәсібилігі мен үлгілі қызметі үшін ол “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.
СНХР: ЖАҚСЫГҮЛ МАТИНА, ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ
Өңірдің полиция қызметінде қазіргі уақытта 480-ге жуық әйел еңбек етеді.