Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхабетов Петропавл қалалық мәдениет үйінде қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, оларды әр саланың даму барысымен таныстырды.Сондай-ақ, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.Айта кетейік, жақын арада облыс орталығында республикалық білім беру орталығының құрылысы басталады.
Өңір басшысы жиында әр саладағы басымдықтарға тоқталды. Бүгінде облыста бірқатар ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның бірі – саңырауқұлақ фермасы. Сондай-ақ, биыл республикалық білім беру орталығының құрылысын бастау жоспарланған.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Біз 900 орындық мектеп, лицей, интеллектуалды шығармашылық орталығы және «Өркен-Сириус» спорттық ғимараты үшін құрылыс алаңын бөлдік. Ол жерде жатақхана, бассейн, сондай-ақ стадион болады.
Ал, 2024 жылдың қорытындысы мен биылғы жылға жоспарлар туралы қала басшысы Серік Мұхамедиев баяндады.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ , ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Қазіргі таңда универсал көшесінде құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Ол 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған.
Петропавлда электрмен жабдықтау жүйесі жаңартылған. 15 шақырымды құрайтын кабельдік және әуелік желілерге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жиын соңына қарай халық жауапты мамандарға өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойды.
Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев жауапты қызметкерлерге осы мекенжайлар бойынша барып, тексеруді тапсырды. Тұрғындар кездесуде қаланы абаттандару, сыртқы бақылау камераларын көбейту және қоғамдық көліктерге қатысты мәселелерді көтерді.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, қазіргі таңда қоғамдық көлік бағыттарын автоматтандыру процесі жүріп жатыр.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Бейнебақылау камерларына келетін болсақ, қазіргі таңда облыс бойнша 46 мыңнан астам камера бар. Әрине, мұнымен тоқтап қалмаймыз. Камералардың санын көбейтуді жалғастырамыз.
Сондай-ақ, облыс әкімі дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысы қашан тағайындалады деген сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, жаңа басшы өте тәжірибелі маман болмақ. Ол өңірге алдағы 10 күннің ішінде келіп, таныстыралады. Көптеген сұрақ су тасқынына байланысты болды. Ғауез Торсанұлы өз сөзінде, тасқынға қарсы жұмыстар әлі да жалғасып жатқанын жеткізді. Қажетті барлық іс-шаралар қабылданған.