Наурыздың бірі дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні. Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары бірқатар іш-с-шаралар ұйымдастырып жатыр. Заречный кентіндегі № 13 орта мектепте өткізілген эвакуациялық жаттығуда сала қызметкерлері адамдарды арнайы техника және жабдықтармен таныстырды.

Білім ордасында өткізілген ІС-шараның мақсаты, халыққа азаматтық қорғаныс ұғымын түсіндіру. Жиналғандарға төтенше жағдай бола қалса не істеу қажет, алғашқы іс қиымл қандай болуы керек екендігі көрсетілді.

РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ-СҚО ТЖД АҒА ОФИЦЕРІ:

- Балалар төтенше жағдай кезінде бірінші кезекте қауіпсіз жерге шығулары керек. Эвакуацияны үиретудегі мақсат осы. Сондай-ақ, оларды авариялық-құтқару жабдықтары, арнайы техникалармен таныстырып, құтқарушы мамандығының қыр-сырын насихаттау.

Өткен жылғы су тасқынында білім ордасында эвакуациялық қосын орналастырылып, елу адамның уақытша үйіне айналған. Биылғы жылы жағдай қайталанатын болса, мектептегі эвакуациялық пункт адамдарды қабылдауға дайын.

Бұдан бөлек дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында төтенше жағдайлар департаменті мамандары өзен-көлдердегі және өрт қауіпсіздігі бойынша да профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр.