Мағжаннан басталған жол. Петропавлда «Солтүстік Қазақстан» газетінің 105 жылдық мерейтойына арналған жиын өтті. Ғасырдан астам тарихы бар басылымда Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Сәбит Мұқанов секілді біртуар тұлғалар еңбек етті. Мерейтойға орай ұйымдастырылған Іс-шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, студенттер, оқырмандар мен журналистер жиналды.

«Солтүстік Қазақстан» газеті «Кедей сөзі» деген атаумен араб тілінде 1920 жылы жарық көрді. Сол кездері бұл газеттің мақсаты қазақ еңбекшілеріне революцияның мән-маңызын насихаттау, Кеңес өкіметінің алға қойған мақсаттарын түсіндіру еді. Бұл басылымда еңбек жолын бастаған Жарасбай Сүлейменов тек куәгер ғана емес, газет беттерінде орын алған көптеген оқиғалардың белсенді қатысушысы болды.

Өзінің ғасырлық тарихында газет бес рет атауын өзгерткен. Жылдар бойы «Солтүстік Қазақстан» газетінің қалыптасуына Сабит Мұқанов, Мағжан Жұмабаев, Әбдірахман Айсарин сынды тұлғалар үлкен үлес қосты. Олар әділеттілік туралы жазып, қазақ журналистикасын қалыптастыру мен дамыту үшін барын салды.

1932 -ші жылдан 1993 жылдарға дейін облыстық басылым «Ленин Туы» деп аталып келді. 1993 жылы «Солтүстік Қазақстан» газеті деп өзгеріп, халықты облыстағы жаңалықтардан хабардар етіп отыр. Ғасырдан астам уақыт өтсе де, оқырмандарынан қол үзбей, бүгінде 9 мыңға жуық таралыммен шығып келеді.