Харбиндегі 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіру спортынан Қазақстан әйелдер құрамасы командалық спринтте қола медаль жеңіп алды. Облысымыздың атақты спортшысы Надежда Морозова өзінің жоғары деңгейі мен дайындығын тағы да растады. Онымен бірге командада Кристина Силаева мен Дарья Важенина өнер көрсетті. Қазақстандық спортшылар Оңтүстік Корея мен Қытай өкілдерінен кейін үшінші орынға жайғасты. Надежда Морозова-елдегі ең үздік конькимен жүгірушілердің бірі. Ол 2022 жылы қысқы олимпиада ойындарына және 2023 жылы Төрт құрлық чемпионатында жеңіске жеткен болатын. 26 жасында бір жарым мың, үш және бес мың метр қашықтықта ұлттық рекордтар орнатты.