Ербол Хамитов парабиатлоннан әлем чемпионы атанды. Ол Словенияның Поклюка қаласында өтіп жатқан жарыста үздік атанды. ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, спортшымыз 12,5 қашықтықты 35 минут 29 секундта бағындырған. Ол алаңда қатесіз жұмыс істеп, қарсыласынан 7,2 секундқа озып жеңімпаз атанды. Осылайша Хамитов 2025 жылғы әлем чемпионатының екінші медалін иеленіп отыр. Додада екінші орынды канадалық Дерек Заплатонский алса, үздік үштікті американдық Аоран Пайк түйіндеді.