СҚО-да «Қауіпсіз үй» жедел - алдын алу іс-шарасы басталды
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер бір күнде профилактикалық есепте тұрған 725 адамды тексерді. Өңірде «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Полицейлердің міндеті – тұрғындардың тұрғылықты жеріндегі қауіпсіздікті арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында полиция мен халық арасындағы өзара байланысты нығайту.
Марат Жұмалиев – СҚО ПД бастығының орынбасары
Бірінші күні учаскелік полиция инспекторлары басқа мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерімен бірлесіп, шамамен 1 мың пәтер мен жеке үйді аралап шықты. Тәртіп сақшылары бірнеше рет шақырту түскен, соның ішінде отбасылық-тұрмыстық жанжалдар мен тыныштықты бұзу деректері бойынша полицияға хабарласқан проблемалы мекенжайларға ерекше назар аударды.
Жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – учаскелік полиция инспекторларының тұрғындармен байланысын нығайту. Полицейлер жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізіп, учаскелік инспекторлардың байланыс деректерін орналастырады. Бұл тұрғындарға құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кімге жүгінуге болатынын білуге мүмкіндік береді.