Қостанайда бокстан 2011-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Турнирге еліміздің ең мықты спортшылары жиналды. Облыс намысын Кәміл Сафин атындағы бокс мектебінің тәрбиеленушісі 16 жасар боксшы Мейірхан Сапарбеков қорғады. Ол бұл жарыста күміс медаль жеңіп алды. Чемпионат жүлдегерімен біздің түсірілім тобы кездесті.
Мейірхан Сапарбеков үшін бұл чемпионат республикалық деңгейдегі қатысқан екінші ірі турнир. Былтыр ол үшінші орынға ие болды. Бұл чемпионатта спортшы 5 жекпе жек өткізді.
МЕЙІРХАН САПАРБЕКОВ – БОКСТАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ:
- Бокспен 4 жыл айналысамын. Чемпионат сәтті өтті. Финалға дейін жеттік. 5 бой өткіздік. Қарсыластарым өте мықты болды. Бойларым жақсы өтті. Бапкерім маған жақсы тактика беріп, финалға тез жеттім.
Аптасына алты күн ол жаттықтырушы Әділ Эйвазовтың жетекшілігімен бірнеше сағаттын залда өткізеді. Бапкердің айтуынша, Мейірхан еңбекқор, сондықтан алда әлі алар асуы көп.
АДИЛЬ ЭЙВАЗОВ – БАПКЕР:
- Мейірхан келгенде оның спортқа, боксқа деген қызығушылығын бірден байқадық. Біздің міндетіміз-оны әрі қарай дамыту. Еңбекқор жігіттердің бірі. Жарысқа тыңғылықты дайындалады.
Мейірхан сәуір айында Сербияда өтетін жарысқа дайындықты бастап кетті.