М. Жұмабаев атындағы it-мектеп-лицейінің 2-ші сынып оқушысы Айсана Жоламанова қарапайым алоэ өсімдігінен бет терісіне пайдалы небір косметикалық өнім жасайды. Алғашында ғылыми жобалардың сайысына дайындаса, кейіннен өзінің жеке брендін қалыптастырған. Оқушының өнертабысымен тілшіміз Зарина Кәп танысып қайтты.
Айсана Жоламанова алоэ өсімдігінен бет терісінің күтіміне арналған өнімдер жасайды. Алғашында анасының косметикалық заттарына қызыққан бала, олардың кейбірі зиян екенін білгесін, өзі табиғи өнім жасап шығармақ болған. Бұл ұсынысын ата-анасы да, мұғалімдері де қолдайды. Кейін жобасымен “Зерде” зерттеушілер сайысына қатысады.
АЙСАНА ЖОЛАМАНОВА М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ IT-МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ 2-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:
- Мен де косметика жақсы көремін. Бірақ мен анамның косметикасын қолдануға болмайды. Өйткені мен кішкентаймын. Кейіннен анам алоэдан косметика жасайық деді. Табиғи өнімдерден косметика жасадым. Олар сабын үш маска бар.
Өнімдерге “aloe ice” деген атау берілген. Терінің кез келген түріне қолдануға болады. Қазір Айсанада арнайы телеграм канал бар. Дайын өнімдердің сыртындағы кьюр код арқылы кіріп, ол туралы мәлімет алуға болады. .
СВЕТЛАНА ЫСҚАҚОВА БАСТАУЫШ сынып МҰҒАЛІМІ:
- Былтырғы жылы зерде сайысының қалалық кезеңінде 2 орынға ие болды. Ол кезде ол 6 жаста болатын. 6 жасына қарамай алдына үлкен мақсат қойып отыр.
Айсана алдағы уақытта анасымен бірге өнімнің құжаттарын толықтай рәсімдеп, сатылымға шығаруды жоспарлап отыр.