СҚО-да «Оқжетпес» балалар жазғы лагерінің жаңа маусымы ашылды. Облыс әкімі жұмыс сапарымен лагерге барып, ұйымдастыру жұмыстары, тұрмыстық жағдайлар мен тақырыптық іс-шаралармен танысты.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Аққайың ауданындағы «Оқжетпес» лагеріне барды. Сапар барысында облыс әкімі аймақтағы балалар демалыс орталықтарының қазіргі жағдайы туралы есебін тыңдады. СҚО әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов барлық 10 лагерь жөнделіп, бейнебақылау камераларымен жабдықталғанын атап өтті. Екі нысан жұмысын бастап кеткен, қалғандары 10 маусымда ашылады.
СНХ: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Облыстық білім басқармасының басшысы республика деңгейіндегі идеологиялық басымдықтарды ескере отырып, бірыңғай бағдарлама енгізілгенін баяндады. Лагерьлерде патриоттық тәрбие, экологиялық сана мен құқықтық сауаттылыққа басымдық берілуде. Әр күннің өзіндік тақырыбы бар - қауіпсіздіктен бастап, экология, ғылым мен өзін-өзі басқаруға дейін. Сонымен қатар, жұмысшы мамандық иелерімен кездесулер мен экспедициялар жоспарланған.
СНХ: АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
СҚО ТЖД өкілдері қызметкерлерді оқыту, камера орнату және күнделікті нұсқаулық өткізу шаралары туралы баяндады. Облыс әкімі жазғы демалысты ұйымдастыруда басты басымдық – балалардың қауіпсіздігі екенін атап өтті.
Шум: «Главное - безопасность детей, поэтому на контроле я прошу опытных руководителей, на контроле надо будет держать. Сотрудники должны быть вместе с детьми, чтобы безопасность была обеспечена».
«Оқжетпес» лагері – облыстағы ең көне мекемелердің бірі, 1957 жылдан бері жұмыс істейді. Өткен жылы оны күрделі жөндеуге 200 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, инфрақұрылымы толығымен жаңартылған. 6 маусым күні алғашқы демалушылар келді, қазіргі уақытта лагерьде 100 бала демалуда.
СНХ: САЙРАМБЕК ЖАҚЫПОВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Лагерьге алғаш рет келген сегіз жасар Василина Килина алғашқы әсерлерімен бөлісті. Ол жаңа достар тауып, түрлі ойындар мен дәмді ас мәзіріне риза екенін айтады.
СНХ: ВАСИЛИНА КИЛИНА, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Облыс әкімі лагерь аумағын аралады. Ол жатын корпустарды, медицина пунктін қарап, дәстүрлі қазақ киіз үйі орналасқан этно-аймаққа барды.
Аймақ басшысы балалармен волейбол ойнап, оларға доптар сыйға тартты. Сондай-ақ, екінші кешкі ас кезінде балалармен әңгімелесті. Айта кетейік, лагерьде балаларға бес мезгіл тамақ беріледі.
Сапар соңында лагерь тәрбиеленушілерімен және спортшы-балалармен алау маңында жылы кездесу өтті. Ашық әңгіме, тілектер мен армандар айтылған ерекше атмосфера орнады. Облыс әкімі де балалардың тілектеріне қосылып, өз ізгі ниетін білдірді.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ
Биыл өңірде 64 мыңға жуық оқушыны - яғни мектеп оқушыларын 95%-ын түрлі демалыс түрлерімен қамту жоспарланған. Оның ішінде 10 лагерьде 6 мыңнан астам бала демалатын болады.