Облыстық әкімдік қабырғасында аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Алқалы жиында 2 мәселе қаралды. Олар: әлеуметтік қорғау саласындағы бармақ басты, көз қыстылық тәуекелдерін жою жөніндегі шаралар жоспарын орындау және білім беру саласындағы қитұрқы әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралар. Аталған бағыттар бойынша баяндама оқылды, мысалдар келтірілді. Босқосу соңында өңір жетекшісі тиісті органдарға күн тәртібіндегі жайттарға қатысты бірқатар тапсырма жүктеді.