Қызылжар ауданында жол жөңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл облыстық бюджеттен де, аудандық бюджеттен де қаржы бөлінді. Тізімде оннан астам ауыл бар, олардын бірінде жөңдеу жұмыстары аяқталса ал кейбір ауылдарда енді басталып келе жатыр.
Қызылжар ауданындағы 10-нан астам ауылдарда ауылшілік жолдарға орташа жөңдеу жұмыстары жүргізілуде. Солардың бірі Подгорное ауылында жүзеге асырылып жатыр. Оған елді мекендегі инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында қол жеткізілді. Мердігерлер барлық жұмыстарды белгіленген межеде аяқтаған.
СНХР: АСХАТ БӘКЕЕВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Асфальт төселген учаскелердің жалпы ұзындығы шамамен 2000 метрді құрады. Қосымша 2300 метр қиыршық таспен жабылды. Жалпы 12 маман жұмыс істеп, 11 бірлік техника жұмылдырылды.
СНХР: АРСЕН АКОПЯН – «ЕЛОРДА ЖОЛ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Мердігерлердің айтуынша, жергілікті тұрғындар өзгерістерді жоғары бағалап, риза болды. Жаңа жол жабыны қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырды.