Өңірде мемлекеттік мекеме басшылары мен орынбасарлары, сот қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді тегін үйрететін курс басталды. 2 жарым ай өтетін сабақтарды тәжірибелі оқытушылар, актерлер, айтыскер ақындар мен филолог-психологтар жүргізеді.
2,5 айға шақталған 40 сағатттық курста 20-ға жуық мемлекеттік мекеме қызметкерлері оқытылады. Курс барысында қатысушылар аудитория алдында өзін-өзі ұстау, әдеби көркем сөйлеу, сұхбат беру кезінде еркін және ойларын нақты жеткізу дағдыларын меңгереді.
СНХР: ОРАЛ ЖАНАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
С. Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының актері Дәурен Тойбазаровтың пікірінше, мемлекеттік қызметкерлер үшін актерлік шеберлікті меңгеру аса маңызды. Себебі аудитория алдында өзін еркін ұстай білу, сенімді сөйлеу – кез келген басшыға қажет қасиеттер.
СНХР: ДӘУРЕН ТОЙБАЗАРОВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, курс тыңдаушылары мемлекеттік тілді базалық деңгейде меңгеріп қана қоймай, іскерлік қазақ тілін жетілдіруге де күш салынады. 2 жарым айлық мемлекеттік тілді меңгеру, жетілдіру курсын аяқтаған соң тыңдаушыларға арнайы сертификат табысталады.