Қаладағы орталық ойын-сауық және демалыс саябағында «Микс» атты жаңа аттракцион іске қосылды. Заманауй құрылғы – демалуышыларға ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Аттракцион Беларусияның Минск қаласынан жеткізіліпті. Ал жобаны жүзеге асыруды «АттраМакс» компаниясы өз мойындарына алған.
Аттракционды құруға бір жылға жуық уақыт кеткен. Оның жалпы құны – 120 миллион теңге. Құрылғы бір мезетте 1400 келі салмақты көтеруге қауқарлы. Қауіпсіздік жүйесі барлық талаптарға сай. Жаңа аттракцион адреналин мен шынайы әсерді қалайтындар үшін таптырмас орын.
СХРН: АЛЕКСАНДР КОЗЛОВ - «МИРАТТРАКЦИОНОВ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Аттракционның техникалық жағдайын бақылау мақсатында арнайы бригада құрылған. Құрамында 3 механик пен 3 электрик бар. Олар күн сайын құрылғының дұрыс жұмыс істеуін қадағалап отырады. Қалалықтар үшін бұл – жазғы демалысты қызықты өткізудің тағы бір мүмкіндігі.
СХРН: ДИАНА ПАНОВА – ҚАУІПСІЗДІК ИНЖЕНЕРІ
«Микс» — тек аттракцион ғана емес, бұл — жаңа әсерлер әлеміне ашылған есік. Қызық пен қауіпсіздік қатар жүрген жерде демалыс та көңілді өтпек.
Мен басында бұл жай ғана тыныш аттракцион екен деп ойладым, бірақ қозғала бастағанда сәл қорқынышты болды. Ал кейін тіпті ұнай бастады.
Біз әр таң немерелерімізбен саябаққа келеміз: таңертеңнен түске дейін. Саябақ жаңарып, тазарып қалған, жаңа аттракциондар ашылды. Бәрі керемет.