Облыс әкімдігінде өңір басшысы Гауез Нурмухамбетовпен -қайырымдылық қорының жетекшісі Ләззат Шыңғысбаеваның кездесуі өтті. Солтүстік Қазақстан облысын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қайырымдылық көмегі туралы толығырақ тілші бейнематериалында.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының жұмысы Қазақстан халқының игілігіне бағытталған. Аталмыш қордың көмегін солтүстікқазақстандықтар жиі көріп те, сезініп те келеді. Онкологиялық орталықта жаңа кабинеттің іске қосылуы халықтың денсаулығына оң әсер етеді. Ал «Бірлік» шағын ауданындағы жаңа үйлер тұрғындар үшін су тасқынынан кейінгі сенімді баспанаға айналды.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
2022 жылдан бастап қордың қолдауымен сирек кездесетін ауыр науқасы бар азаматтарға 3,5 млрд теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмек сатып алу үшін көмек көрсетілді. Өңірдегі 13 білім беру ұйымы жабдықталды.
СНХ: ЛӘЗЗАТ ШЫҢҒЫСБАЕВА «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қоғамдық қордың жұмысы денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру және спорт салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.