Облыс орталығындағы бейнелеу өнері мұражайында «young dreamers» атты ерекше цифрлық көрме ашылды. Онда назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының түрлі гаджеттерді қолдану арқылы компютерлік графикамен салынған еңбектері жұртшылық назарына ұсынылды.

СНХ: АСЫЛЗАТ АРҒЫНБАЙ - ТІЛШІ:

- Цифрлық өнер – шығармашылық пен технологияның тоғысы, білім мен мансапта маңызды рөл атқарады. Артымыздағы туындылар жасанды интеллект көмегінсіз, қарапайым гаджеттерді қолдану арқылы жасалған. Бұл көрме – жас өнерпаздардың шынайы шығармашылығын танытуға көмектеседі.

Іс – шара цифрлық өнердің тек хобби емес, болашақта табысты мансаптың бастауы бола алатынын көрсетеді. Тың туындылар арқылы көрмеге жиылғандар жас таланттардың өнер әлеміне еніп, олардың еңбектерін бағалауға мол мүмкіндік алдыі.

СНХР:ӘЛИЯ МОЛДАХМЕТОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ


Ұсынылған 28 туынды ешқандай нейрожелілер мен жасанды интеллект көмегінсіз жасалған. Туынды авторлары қарапайым планшеттерді қолдану арқылы өз қиялдарын цифрлық кескіндерге айналдырған.

СНХР: АИДА ҒАБДУЛИНА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ


Цифрлық өнер – шығармашылық пен заманауи технологиялардың тоғысқан шағы. Жастар арасында ерекше танымалдыққа ие бұл бағыт сурет пен анимацияны қамтып қана қоймай, олардың креативті ойлау қабілетін дамытады.