Солтүстікқазақстандық диқандар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан осы жылғы егін себу науқанын да дер кезінде аяқтады. Биылғы игерілген егістік алқаптарының жалпы аумағы 4,4 миллион гектарды құрайды. Оның 3,3 миллион гектарына дәнді дақыл, 760 мың гектарына майлы дақылдар, жем-азық 392 мың гектарға орналастырылса 10 мың гектарға жуығына картоп пен көкөніс отырғызылған.
Қызылжар ауданындағы «Большемалышенское» серіктестігі 2004 жылы құрылған болатын. Меншіктеріндегі егістік алқабының көлемі 1295 гектарды құрайды. Биылғы көктем жылдағыдан ерте келгендіктен серіктестік еңбеккерлері дала жұмыстарына сәуір айының ортасынан аса кіріскен. Алайда мамыр айының басындағы толассыз жаңбыр егіс науқанына едәуір қолбайлау болғанымен диқандар дән сіңіру жұмыстарын белгіленген межеде аяқтады. Дер кезінде себілген дән қазір көктеп жатыр.
СНХ: ЕРҒАЛИ ҒАБДУЛИН – «БОЛЬШЕМАЛЫШЕНСКОЕ» ЖШС БАСШЫСЫ
Серіктестік егіншілікпен қатар мал шаруашылығын да қатар дамытып отыр. Қазір мұнда 300 бас сауын сиыр бар. Олар күніне екі мезгіл сауылып, облыс орталығындағы сүт зауытына күніне 1,5 тонна дайын өнім өткізеді. Диверсификация шеңберінде биыл жем-азық көлемін тағы ұлғайтыпты. Себебі осы жылғы жоспарда мал басын тағы көбейту көзделіп отыр шаруашылықта. Жалпы, биылғы жылы теріскейдегі ауылшаруашылығы саласында дәнді және майлы дақылдар, картоп пен көкөніс отырғызуда игерілген жер көлемі 4,4 миллион гектарды құрайды. Егіс науқаны жылдағыдан ерте басталғанымен жұмыс қызған шақта аграршыларға ауа райы сәл кедергі келтірген болатын. Десе де дән сіңіру жұмыстары жоспарға сай маусымның бесінде толығымен аяқталды.
СНХ:ДАУРЕН ТОҚУЖИНОВ – СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Сондай-ақ «ҚазАроФинанс» АҚ арқылы жылдық 5 пайыздық үстеме ақымен ауылшаруашылығына қажетті кез-келген техникаға қол жеткізуге болады. Бұл бағытта жыл басынан өңір агроқұрылымдары жалпы құны 14 миллиард теңгеден асатын қаржыға машина – трактор паркін 442 бірлік замануаи техникамен толықтырыпты.